Өзбекстандықтарға Қазақстанға келуден бас тартуға кеңес берілді

Өзбекстандықтарға Қазақстанға келуден бас тартуға кеңес берілді

Еліміздегі қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның тас жолдарында қатты аяз салдарынан қиын жағдайға тап болған Өзбекстан азаматтарынан түсетін арыз-шағымдар жиілеп кетті.

Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктері Қазақстандағы жерлестерімен және уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. Оларға консулдық, құқықтық және практикалық көмек көрсетіліп жатыр, деп мәлімдеді Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Осы айтылғанжағдайларды ескере отырып, Өзбекстан азаматтарына ауа райы тұрақталғанға дейін Қазақстан аумағы арқылы автокөлікпен және автобуспен жүруден бас тартуды ұсынамыз".Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі қиын жағдайға тап болған Қазақстандағы жерлестеріне Өзбекстанның Астанадағы Елшілігіне +717 295-42-52 немесе Алматыдағы +727 390 26 16 және Ақтаудағы бас консулдықтарға +729 277 71 17 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алатынын ескертті.

Дереккөз Zakon.kz. Фото drikus.club,