фото: qaz.ulysmedia.kz
Өзбекстан зауыттан 2010 жылға дейін шығарылған көліктерден бір мезетте арылуы мүмкін.
Көршіміз онымен жүруге тыйым салып, экологиялық шектеу шараларын енгізуді көздеп отыр.
Ең әуелі АИ-80 маркалы бензин қолданыстан алынып тасталады. Кейін қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен электр және газға ауыстырылады.
Қалада кептелісті азайту үшін көлік қозғалысын оңтайландыру ұсынылып отыр. Мәселен тәжірибе ретінде автокөліктерді «тақ және жұп» күндері жүргізу көзделген. Ал АИ-80 маркалы бензинге келсек, оның елдегі өндірісі 2026 жылға қарай тоқтайды. Мемлекет Еуро-4 стандартына сай келмейтін жанармай түрінен бас тартпақ.
Қалаларда ауа сапасына қатысты көрсеткішті жариялайтын мониторлар орнатылады. Бұл қондырғылар тұрғындарға шаһардағы қоршаған ортаны ұдайы бақылап отыруға мүмкіндік береді. Ірі кәсіпорындар мен жылу орталықтары көмір мен мазуттан мәжбүрлі түрде бас тартуы ықтимал. Құзыретті орган оларға тыйым салу жолын қарастырып жатыр.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через