фото: sputnik.kz
© Photo : Пресс-служба РОО QazaqGeography
Қазақстан, Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия мен Өзбекстан Түркі мемлекеттерінің географиялық кеңесін құрды. Жаңа ұйымды құруға QazaqGeography қоғамы бастамашы болды. Ташкентте өткен кездесуде география қоғамдарының өкілдері тиісті келісімге қол қойды.
Ұйымның негізгі мақсаты – түркітілдес ғылыми-зерттеу институттары мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі жақсарту, сондай-ақ түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын (материалдық және материалдық емес) зерделеуге және сақтауға, Экологиялық күн тәртібін іске асыруға (2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу) бірлесіп үлес қосу.
Географиялық кеңестің Штаб-пәтері Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында орналасады.
Кездесуде ұйымның Бас хатшысы да сайланды. Үш жыл бойы кеңесті Өзбекстан Республикасының Географиялық қоғамының басшысы Ойбек Норинбаев басқарады.
Жақын арада жаңа ұйымның құрылымы мен жарғылық құжаттары қабылданады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через