Никель және кобальт кен орны мемлекетке қайтарылды

Никель және кобальт кен орны мемлекетке қайтарылды
фото: sputnik.kz

Бұрынғы вице-министр Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекетке Қостанай облысындағы "Шевченковское" бірегей кен орны қайтарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Кен орнында никельдің 1,075 млн тоннасы және кобальттің 585,9 мың тоннасы бар. Пайдалы қазбалар қорларының жалпы құны 5,6 трлн теңгеден асып отыр.

Ал бұрынғы вице-министр Тоқтабаев 7 жылға сотталды. Оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасы да қайтарылды. Соттың шешімімен қымбат мүліктері тәркіленді.

Олар:

1.Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы ш/а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі;

2.Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;

3.2021 жылы шыққан "Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC" маркалы авто;

4.2021 жылы шыққан "Bentley Bentayga V8"" маркалы авто;

5.13 коммерциялық ұйымның қатысу үлесі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат