Елімізде үш миллионға жуық мал қырылып, екі миллион адам табысынан айырылуы мүмкін. Көңіл құлазытарлық мұндай болжамды Қазақстанның мал өсірушілер ұлттық қауымдастығы жасады.
Аптап ыстықтан көлдер суалып, шөп күйіп кетті. Шаруалар мен экологтар бұған күн райын ғана емес, салғырттық танытқан шенеуніктерді де кінәлап отыр.
Мал өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, қазірдің өзінде мал басының 30 процентінен айырылып отырмыз. Ал үкімет болса жағдайды түзеу үшін ешбір шара қолданбаған.
Президент жем-шөп экспортын қысқарту жөнінде тапсырма берді. Ауыл шаруашылығы министрлігі сүрлем, пішен, қара бидай мен сұлы экспортына шектеу қойды. Алайда сарапшының айтуынша, фермелер бұл дақылдарды пайдаланбайды.
Ведомстводағылардың бұл жөнінде пікірі басқа. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Қайрат Мұтаевтың айтуынша, бұл саладағы жағдай күрделі, алайда дабыл қағатындай ауыр емес.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через