МАЭК энергоблогында жөндеу жұмыстары аяқталды

МАЭК энергоблогында жөндеу жұмыстары аяқталды
фото: sputnik.kz

Маңғыстау атом электр комбинатында №3 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталды, өңірде электр энергиясын беру бойынша шектеулер толығымен алынып тасталды.

"№3 энергоблокта "МАЭК" ЖШС ЖЭС жөндеу жұмыстары аяқталды. Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша электр энергиясын берудегі барлық шектеу алынып тасталды (Мұнай және өнеркәсіп секторын қоса алғанда)", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы МАЭК-те екі энергоблоктың істен шығуына байланысты апта соңына дейін электр энергиясын пайдалануға уақытша шектеу енгізілгені хабарланған болатын.

Жарық аймақтарға бөлінуге сәйкес желдеткіш әдісімен 3-5 сағатқа өшірілді. Аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындары электр энергиясы халыққа көбірек берілу үшін өндірісті тоқтатты.

Қазақпарат