Кофе қайнатпақ болған жігіт бір елге орасан шығын келтірді

Кофе қайнатпақ болған жігіт бір елге орасан шығын келтірді
фото: көрініс видеодан алынды

Ер адам Аргентина орманында өзіне кофе қайнатамын деп от жаққан. Шіліңгір ыстық пен жел салдарынан жалын жақын тұрған талды тұтатады да, бұл өрт артынша бірнеше провинцияны шарпыды.

Өртті өшіру үш күннен бері жалғасып жатыр. Орманды жалмаған алапат өрт адамдар тұратын аумаққа жетіпті. Осыған байланысты біршама адамды қауіпсіз жерге көшірілді, ал елуге жуық отбасы өздері көшіп кеткен.

БАҚ мәліметінше, өрт бірнеше үйді шарпып үлгеріпті.

"Бұл өртті аймақтың түпкір-түпкірінен келген еріктілер мен ETAC (Техникалық апатпен күресетін топ) агенттері екі гидрантты ұшақ арқылы өшіруге тырысып жатыр. Ауа райы да біз үшін қолайлы емес: солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 60 метр, ал күн 33 градус ысып тұр", - дейді климаттық қауіптер министрі Клаудио Виньетта.

Қазіргі таңда полиция от жаққан ер адамды ұстады. Ол 27 жастағы аргентиналық Улисес Педро Харате. Оның сөзінше, өзіне кофе қайнатпақ болып от жағады, бірақ желдің күшінен шарпып кеткен жалынды өшіре алмай қалған.

Дереккөз tengritravel.kz.