фото: https://sputnik.kz
Келесі жылы алты мыңға жуық жас жеңілдетілген микрокредит ала алады
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жастар үшін жеңілдетілген микрокредит берудің жаңа тетігі енгізіледі, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Микрокредиттер кәсіпкерлікті бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен айналысатын, тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сату және айырбастауды жүзеге асыратын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде берілетін болады.
Микрокредиттер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% - дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңге. Несие алу үшін кепілдің болуы міндетті. Микрокредит кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Жалпы алғанда, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте жастарды микрокредиттеудің осы тетігін іске асыру үшін 28 млрд теңгеден астам қаражат көзделген, бұл 5,7 мыңнан астам жастарды жеңілдетілген микрокредитпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через