Кәсіпкерлер жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау мүмкіндігіне ие болады

Кәсіпкерлер жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау мүмкіндігіне ие болады

Жекеменшік автодромы бар кәсіпкерлер жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің жауабында айтылған. 

«Өз автодромы бар немесе оны салуға дайын кәсіпкерлерге жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру қызметін көрсету мүмкіндігін қарастыру мәселесі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына министрлік тарапынан тиісінше тапсырмалар берілді. Жекеменшік автодромы бар кәсіпкерлерді, атап айтқанда қажетті талаптарға сәйкес келетін жеке автодром қызметтерін сұранысы жоғары аймақтарға тарту бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін назарларыңызға саламыз», - делінген Бағдат Мусиннің жауабында.

фото: zarulem.su