фото: https://sputnik.kz
Картопты Қазақстаннан шығаруға шектеу енгізілді
Шектеу осы жылдың 1 мамырына дейін күшінде болады
Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстаннан жаңа піскен және тұқымдық картопты шығаруға шектеу енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.
Бұйрық 2022 жылғы 22 ақпаннан күшіне енеді және 2022 жылғы 1 мамырға дейін қолданыста болады.
Құжатқа сәйкес, жаңа піскен картопқа 144 500 тонна, тұқымдық картопқа 57 500 тонна квота белгіленген. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу ережелері де бекітілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеу енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында 2022 жылғы ақпан-сәуірде республика аумағынан тауар шығаруға квота алуға өтінім қабылдау басталатынын жариялайды.
Министрлік квота көлеміне байланысты бір өтінім берушіге 3 мың тоннадан аспайтын мөлшерде тауар шығаруға шекті лимит белгілейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через