Италияда инфляция жаңа рекордтық деңгейге жетті

Италияда инфляция жаңа рекордтық деңгейге жетті

Елдің ұлттық статистика институты (ISTAT) Италиядағы бағалар тамыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,4%-ға жоғары және 1985 жылдың желтоқсанынан бергі ең жоғары деңгейге жеткенін хабарлады,

Маусым айынан бастап үш ай ішінде Италиядағы жылдық инфляция деңгейі сәйкесінше 8%, 7,9% және 8,4% болды – 1999 жылы еуро валютасы ресми енгізілген сәттен бастап ең жоғары үш айлық көрсеткіш.

Энергия тасымалдаушылар бағасының өсуіне қарамастан, тамыз айында көлік қызметтерінің өсу қарқыны біршама баяулап, бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,4%-ға өсті.

Тұтыну тауарларының бағасы 11,8%-ға дейін өсті, ал қызметтерге шығындар 3,7%-ға артты.

Сонымен қатар, энергия тасымалдаушылар, тұтыну тауарлары мен азық-түлік бағасын алып тастағандағы базалық инфляция 4,4% болды, бұл – 1996 жылғы мамырдан бергі ең жоғары деңгей.

ISTAT-тың алдын ала мәліметтері тамыз айындағы бағалар шілдеге қарағанда 0,8% жоғары екенін көрсетті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Германия Федералдық статистикалық басқармасының мәліметінше, елдегі инфляция маусым мен шілдеде аздап төмендеген еді, алайда тамызда қайтадан өсті.