Google компаниясы Android-тың 5 әлсіз тұсы жайлы ескертті

Google компаниясы Android-тың 5 әлсіз тұсы жайлы ескертті
фото: Фото: akket.com

Google компаниясы Android-тың 5 әлсіз тұсы жайлы ескертті

Киберқауіпсіздік мамандары танымал Android смартфондарын пайдаланушыларға бес қауіпті әлсіз тұсы жайлы ескертті. Америкалық Google компаниясына кіретін Project Zero баяндамасында сарапшылар анықтаған мәселелер құрылғыны басқаруды толық жоғалтуға әкелуі мүмкін екені айтылған.

«Осы осалдықтардың бірі ядро ​​жадысының бұзылуына, екіншісі физикалық жад мекенжайларына қолжетімділікті ашуға, ал қалған үшеуі виртуалды жадтың физикалық беттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл мәселелер кибершабуылдаушының құрылғылардағы деректерді оқи және жаза алатындығына әкеледі», - делінген хабарламада.

Аталмыш әлсіз тұстар жазда анықталғаны атап өтілді. Көп ұзамай ARM компаниялары қауіпсіздігін жаңартты. Дегенмен сарапшылар анықтағандай, Pixel, Samsung, Xiaomi, Oppo және басқаларын қоса алғанда, бірнеше брендтердің өндірушілері әлсіз тұстарды әлі жоймаған.

Bugin.кз