Голливудта Қазақстандық каскадёрлер түскен фильм прокатқа шықты

Голливудта Қазақстандық каскадёрлер түскен фильм прокатқа шықты
фото: 24.kz

      Қазақстандық каскадёрлер түскен британдық Ридли Скоттың «Наполеон» фильмі прокатқа шықты.

       Картинаның режиссері британдық Ридли Скотт. Кинода француз императоры Наполеон Бонапарттың билікке келуі мен оның өмірлік жолы суреттеледі.

       Тарихи драманың эпикалық сахнасы – көлемімен ерекше. Туындыда қазақ жігіттері ат құлағында ойнайтындығын көрсеткен. Оған қоса олар бірнеше қауіпті эпизодтарға түскен. Қазақстандық каскадерлерге режиссер алғыс білдіріп, тағы басқа жобаларға шақыратынын айтқан. Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов. Топ 2000 жылы құрылған.

       Содан бері Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс істеп келеді.

       Үш жыл бұрын каскадерлер әлемінің Оскары саналатын «Таурус» сыйлығын иеленген.

SN.KZ