FlyArystan Алматы мен Самарқан арасындағы тікелей рейстерді қайта қосты

FlyArystan Алматы мен Самарқан арасындағы тікелей рейстерді қайта қосты
фото: sputnik.kz

Алматы мен Самарқанд арасындағы тікелей рейстер қалпына келтірілді.

"Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде биылғы 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқан қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Рейстерді FlyArystan тасымалдаушы компаниясы А-320 типті әуе кемелері арқылы орындайды. Самарқанға аптасына 2 рет, атап айтқанда, сәрсенбі және сенбі күндері сапарға аттануға болады.

"Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді", - дейді ведомство мамандары.

Қазақпарат