Еуроодақ Сбербанкті SWIFT жүйесінен ажыратады

Еуроодақ  Сбербанкті SWIFT жүйесінен ажыратады
фото: https://sputnik.kz

Еуроодақ  Сбербанкті SWIFT жүйесінен ажыратады

Кейбір елдер ресейлік активтерді бұғаттағанын хабарлады, көп брендтер Ресейден кетіп қалды

14 маусымнан бастап Еуроодақ Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетінің аясында Сбербанк, Россельхозбанк және Мәскеу кредит банкін (МКБ) SWIFT жүйесінен ажыратады.

Сбербанк өз жұмысы қалыпты режимде жүріп жатқанын және SWIFT жүйесінен ажырату халықаралық есеп айырысу жағдайын өзгертпейтінін мәлімдеді. Мәскеу кредит банкі Ресейдегі транзакциялар штаттағы режимде жалғасатынын, алайда шет мемлекеттерге төлемдер жөнелту мерзімі ұзаруы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Россельхозбанк ресейлік банк жүйесінде үздіксіз дербес жұмысты қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

Ресей Банкі қаржы ұйымдарын SWIFT жүйесінен ажырату қаупіне байланысты Ресейде қаржылық хабарламаларды жөнелтуге арналған өзіндік жүйе құрды. Оған әлемнің барлық дерлік еліндегі 11 мыңнан астам ірі банк қосылған.

Наурыздың басында Еуроодақ ВТБ, "Россия" және "Открытие" банктерін, Новикомбанк, Промсвязьбанк, Совкомбанк пен ВЭБ мемлекеттік корпорациясын SWIFT жүйесінен ажырату туралы шешім қабылдады.

Ресей мен Украина арасындағы жағдай ушыққан соң кейбір елдер ресейлік активтерді бұғаттағанын хабарлады, көп брендтер Ресейден кетіп қалды. Еуроодақ негізінен көмір мен мұнай импортына эмбарго енгізуді қарастыратын санкциялардың алты пакетін бекітті.

Мәтіндегі ақпарат туралы