Енді 16 желтоқсанды қалай атап өтеміз? Президент.

Енді 16 желтоқсанды қалай атап өтеміз? Президент.

Қазақ елі бұдан былай егемендік мерекесін 16 желтоқсанда атап өтпейді. Бұл күн - құрбан болғандарды еске алу, тағзым ету күні болып қалады.

Енді Тәуелсіздік күні ретінде Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған 25 қазанда тойланады.  

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан 25 қазанды жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек, деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өтекен Ұлттық құрылтайда.

Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын айтты. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды деді Тоқаев.

Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді,
— деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, 16 желтоқсан тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек.

Фото: