Еліміздегі жылу желілерін жөндеуге 4 триллион теңге қажет - Смайылов

Еліміздегі жылу желілерін жөндеуге 4 триллион теңге қажет - Смайылов

Қазақстанда жылу желілерін жөндеуге үш триллион теңгеден аса қаражат қажет. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, қазір үкімет жылу энергетикасы туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. 2023 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі барлық жылу электр станциялары мен электр желілерін тексеру аяқталады.

"Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әзірленіп жатқан "Инвестицияларға айырбас тарифі" бағдарламасы электр және жылу желілері мен құбырлардың тозуын азайтады. Ол үшін 130 мың шақырымнан аса инженерлік желілерді жөндеу және 3,8 триллион теңгеге дейін инвестиция тарту қажет. Осы аптада тиісті ережелер бекітіледі", - деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Дереккөз Tengrinews.kz. Фото ulysmedia.kz.