Елімізде түрмеде қанша адам отыр?

Елімізде түрмеде қанша адам отыр?
фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Қазақстандағы түрмелерде қанша адам жазасын өтеп жатқанын айтты. 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 63 түзеу мекемесі мен 17 тергеу изоляторы бар.

"Қазіргі уақытта онда 29 мыңға жуық ер, 2 мың әйел және 52 кәмелетке толмағандар жазасын өтеп жатыр", - деп хабарлады ведомство kaz.tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Көп жағдайда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ұрлық, есірткі заттарының заңсыз айналымы, сондай-ақ алаяқтық сияқты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқандар отыр.

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды 28 мыңға жуық ер адам, 3,5 мың әйел және 143 кәмелетке толмағандар өтеп жатыр.

Алматы облысындағы №10 әйелдер мекемесінде әйелдер мен олардың балаларының бірге тұруына арналған балалар үйі ұйымдастырылды. Онда 44 бала бар.

Дереккөз kaz.tengrinews.kz.