Нұр-Сұлтан немесе Алматы қаласында әлемдік деңгейдегі дарынды балаларға арналған орталық ашу жоспарланып жатыр. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Ұнайбеков мәлімдеді
«Әлемдегі дарынды балалармен жұмыс істейтін ең ірі орталықтардың бірі Johns Hopkins ұйымымен меморандум жасауды жоспарлап отырмыз.», - деді Әнуар Ұнайбеков.
Оның айтуынша, әлемде 13 «Johns Hopkins» дарынды балалар орталығы жұмыс істейді. Оның оны АҚШ-та, ал үшеуі Гонконг, Ирландия және Грецияда.
«Жақын арада Нұр-Сұлтан немесе Алматы қаласында 14-ші орталық ашу туралы бастама көтеруді жоспарлап отырмыз», - дейді Әнуар Ұнайбеков.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото scrolldrop.blogspot.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через