фото: sputnik.kz
Цифрлық құжатты қабылдамаған жағдайда eGov mobile мобильді қосымшасында "Көмек" батырмасын пайдалануға болады
Қазақстанда заң бойынша электронды құжаттар қағаз құжаттарға теңестірілген. Сондықтан жеке құжаттың электронды көшірмесін көрсетуге де болады. Цифрлық құжаттарды көрсетуге болатын орындар.
Қазіргі кезде eGov mobile мобильді қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде 27 құжат бар. Соның ішінде жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПЦР тест, туу туралы куәлік, студенттік билет, диплом, зейнеткердің куәлігі, көлік құралын тіркеу куәлігі, неке туралы куәлік, және тағы басқа құжаттар бар. Бүгінде қазақстандықтардың басым бөлігі құжаттың электронды нұқсасын пайдаланады.
Цифрлық құжаттарды көрсетуге болатын орындар да белгіленген.
Олар:
әкімшілік ғимараттар;
банк бөлімшелері: Kaspi Bank, Халык банк, Отбасы банк пен Freedom Finance;
айырбастау пункттері;
нотариустар;
Қазпошта бөлімшелері;
әуежайлар (тіркеу және ішкі рейстердің алдындағы тексеріс кезінде);
теміржол вокзалдары ("Қазақстан темір жолы" АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде);
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
Қазақтелеком;
халыққа қызмет көрсету орталықтары;
Электронды құжатты қабылдамаса, не істеу керек
Цифрлық құжатты қабылдамаған жағдайда eGov mobile мобильді қосымшасында "Көмек" батырмасын пайдалануға болады. Сол жерде электронды құжатты қабылдамаған орынды, қызметкердің аты-жөнін және қай құжатты қабылдамағанын жазу керек.
Цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ондай арыз-шағымдарды шұғыл қарап, электронды құжатты қабылдамаған мекеменің басшылығына хабар беруі тиіс.
Көлік жүргізушілеріне тағы бір құжатты ұстамауға болады
Жақында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі күзден бастап техникалық байқаудың құжатын ұстамауға болатынын хабарлады. Оны да eGov mobile мобильді қосымшасына енгізеді. Құжаттың цифрлық көшірмесін ішкі істер органдары да көре алады.
Осылайша, көлік жүргізушілері өздерімен бірге мүлдем құжат ұстамауға да болады. Полицейлерге жеке куәліктің цифрлық көшірмесі де жеткілікті. Олар қалған құжаттар – жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатты базадан аша алады. Сол сияқты жаяу жүргіншілер де электронды құжатты көрсете салса болады.
Құжаттың түпнұсқасы жоғалса, электронды көшірмесі жарамсыз
Жеке құжаттың түпнұсқасы ұрланса, я болмас, жоғалған жағдайда цифрлық көшірмесін пайдалануға болмайды. Ондайда электронды құжат жарамсыз болып саналады. Түпнұсқасын қалпына келтіргеннен кейін цифрлық нұсқасын қолдана беруге рұқсат бар.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через