Елдің өмір сүру деңгейі қандай?
Әлемде адам өмірінің сапасын бағалап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан түрлі ұйымдар бар. Олар азаматтардың төлем қабілеті, қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, өмір сүру деңгейі, және бұдан бөлек бірнеше өлшемдерді ескере отырып өмір сапасын бағалайды. Біздің ел өмір сапасына қатысты халықаралық рейтингтерде алғашқы елу елдің қатарына да кірмейді.
БҰҰ сапаны адам өмірінің ұзақтығы мен денсаулығы, халықтың сауаттылық деңгейі, өмір сүру стандартына қарап бағамдайды.
Осы өлшемдер бойынша былтыр біздің ел 187 мемлекеттің арасынан 57-орында тұрақтаған.
Елде 3 млн-ға жуық адамның табысы орташа жалақы көлеміне де жетпейді. Мұнымен біздер өзге елдер мен тереземіз тең деп қалай айта аламыз.
Өмір сапасын жақсартуға екінші кезекте қауіпсіздік мәселесі қойылады.
Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ адам өміріне қауіп төндіретін факторлар біздің елде де жетерлік. Тып-тыныш өміріңіздің шырқын қылмыскерлер де, салғырт-салақтық та, жемқорлық та, өз қызметін сапасыз атқару да бұзуы мүмкін.
Елдегі өмір сүру сапасын қайтіп көтеруге болады? Сізді бұл мәселе толғандыра ма? Мақалаға өз пікірлеріңізді қалдырыңыздар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через