Елде табиғи газға сұраныс артуда
Қазақстанда газға деген сұраныс артуда. Сондықтан жаңа кен орындары ашылатын болады. Алдағы тоғыз жыл ішінде өндіріс көлемі 8,4 миллиард текше метрге артады. Қазақстанда ішкі нарықта газ тұтыну өсуде. Газға деген қажеттілікті одан әрі қанағаттандыру үшін Қазақстанның Энергетика министрлігі жаңа кен орындарын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жұмабай ҚАРАҒАЕВ мәлімдеді. "Біздің болжамымыз бойынша, елдің ішкі нарығын тұтыну өсіп, 2025 жылға қарай 25,7 миллиард текше метрге, 2030 жылға қарай 30,2 миллиард текше метрге жетеді", - деп хабарлады вице - министр.
Ол өсіп келе жатқан қажеттілікті жабу жаңа кен орындарын пайдалануға беру есебінен күтіліп отырғанын атап өтті. "Тоғыз жер қойнауын пайдаланушылармен 187 миллиард текше метр көлемінде алынатын газ қоры бар 11 кен орнынан барлауға және өндіруге келісімшарттар бар", - деп нақтылады ол.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через