фото: https://sputnik.kz
Екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілді.
Мұндай шешім 2022 жылғы 28 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысы негізінде қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз нысанға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында қабылданды.
Қаулы қол күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданыста болады.
"Бүгінде екінші деңгейлі банктерде банк шоттарын, төлем карточкаларын, сондай-ақ электронды әмияндарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін әр алуан арналар мен құралдар бар", - деп толықтырды Ұлттық банк.
https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через