фото: https://sputnik.kz
Екі жарым мыңға жуық қазақстандық ғалым зерттеуіне тұрақты қаржы алады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент жолдауында ведомство берілген тапсырмалар қалай орындалып жатқанын бөлісті. Енді 2 500-ге жуық ғалым ғылыми зерттеулеріне тұрақты жалақы алады.
"Бұдан былай гранттардың мерзімі 3 жыл емес, ғалымдар ұсынғандай бес жылды құрайды. Ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің апелляция институты енгізілді. Тікелей қаржыландыру арқылы зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты біржолғы гранттардың нәтижелеріне қарамастан қаржыландырылады", - деп жазды министр.
Оның айтуынша, ғалымдар ғылыми гранттар мерзімін ұлғайту, іргелі зерттеулерді тікелей қаржыландыруды енгізу және жұмыс істеп жатқан жетекші ғалымдарға еңбекақы төлеу үшін базалық қаржыландыруды кеңейту мәселесін 10 жылға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатыр.
Дарынды балаларды қолдау
Министрлік халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ олардың тәлімгерлері біржолғы қаржылай сыйлық алуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізді.
"Халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен әлемдік спорттық және шығармашылық байқаулардың жүлдегерлеріне ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарында тегін білім алу құқығы беріледі. Қазіргі күні осындай нормаларды көздейтін заң жобасын парламент мәжілісі қабылдады", - деді Аймағамбетов.
Халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары 4,4 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлық алады деп жоспарланып отыр:
алтын медаль үшін – 1 500 АЕК,
күміс медаль үшін – 1 000 АЕК (2,9 миллион теңге),
қола медаль үшін – 500 АЕК.
ЖОО лицензиялары
Бүгінгі таңда мәжіліс қабылдаған заң жобасына өзгерістер енгізілді. Жоғары оқу орындары 5 жылға жарамды лицензиялар алады деп жоспарланып отыр.
Уәкілетті органға сотпен тең дәрежеде сапасыз және заңбұзушылықтарға байланысты лицензияларды кері қайтарып алу құқығын беруге қатысты заң жобасын мәжіліс қабылдады. Бірақ университеттерде қабылданған шешім бойынша сотқа шағымдану құқығы болады.
Колледждерге академиялық еркіндік беру туралы тапсырма берілді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через