Бюджетті қалай дұрыс жоспарлау қажет
«Ақшаны қалай жинап, көбейтуге болады?» деген сұрақ әрқашан да өзекті. Fingramota.kz қаржылық еркіндікке қол жеткізген көптеген адамдардың өмірін өзгерткен қарапайым қағидат жайында айтып берді.
Жеке қаражатты басқарудың маңызды қағидаттарының бірі дәл осылай «Алдымен өзіңе төле» деп аталады, яғни кіріс түскен бойда оның 10%-ын депозитке немесе ағымдағы шотқа салу қажет. Бұл пайдалы әдетке айналуы үшін жалақы, қаламақы алған сайын немесе басқа кез келген кіріс түскен сайын осылай істеу қажет. Тәртіпке көніп, сабыр сақтасаңыз болғаны, нәтижесі сізді қуантары сөзсіз.
Нені есте сақтау қажет?
Ақшаны неге жинауға болады? Бірінші кезекте, өзіңіздің «қаржылық қауіпсіздік жастығыңызға» – бұл қандай да бір ойламаған шығындарға арналған қаражат, кемінде 6 ай сайынғы жалақыңыздан тұратын тұрақтандыру қоры немесе «жұмсалмайтын» қор. Бұл ақшаны әншейін, қандай да бір қажет емес заттар үшін жұмсауға болмайды. Оны, мысалы, уақытша жұмыссыз қалған жағдайда, кредит бойынша міндеттемелеріңізді орындау үшін немесе өзге де маңызды жағдайларда пайдалануға болады. «Жұмсалмайтын» резервіңізді жинақтап алған соң, қандай да бір ірі заттарды сатып алуға немесе түрлі қаржы құралдарына инвестициялау үшін қаражат жинай беруіңізге болады. Алға қойған мақсаттарыңыз сізді рухтандырып, ақшаны тиімді жұмсауға көмектесуі керек.
Ақшаны қолыңызға алғаннан немесе сома сіздің картаңызға «түскеннен» кейін ақшаны бірден жинақтау керек екені есіңізде болсын. Иә, сізді төленбеген шоттар, кредиттер күтіп тұруы мүмкін, тез арада азық-түлік сатып алу керек немесе балалардың күнделікті жұмсайтын қаражатын беру керек. Бірақ сіз білген бұл қағидаттағы ең басты нәрсе – бұл өзіңіз. Ақшаға қатысты пікіріңіз бен көзқарасыңызды өзгерту керек. Алдымен өзіңіз жайлы, содан кейін басқаларды ойлаңыз. Оның үстіне, практика көрсетіп отырғандай, егер сіз, мысалы, ақшаны алған кезде, оны бірінші кезектегі және екінші кезектегі шығындарға жұмсасаңыз, онда сізде ештеңе қалмауы мүмкін.
Сондай-ақ, жүйелілікті есте сақтау керек. Егер сіз екі ай ақша жинақтап, одан кейін оны үш ай ұмытып кетсеңіз, онда «жабулы қазан жабулы күйінде қалады», ал ақша жинақтау әдеті әрі қарай дамымайды.
Қанша ақша жинақтау керек?
Қаржылық жоспарлаумен нақты айналысқандар жиі жіберетін қателік –кірісі аз бола тұра, көп ақшаны кейінге қалдыру. Мұндайда сіз тез шаршайсыз, тұрмыстық шығыстарға ақша жетпей, «жұмсалмайтын» қорыңыздан «қарызды» жиі алатын боласыз. Шағын мақсаттан үлкен мақсатқа жылжу қағидаты қуатыңызды сақтауға мүмкіндік береді, оны қаржылық тәуелсіздікке жету жолында туындауы мүмкін барлық кедергілер мен қызықтырар заттарды еңсеруге жұмсауға болады.
Аздан – 10%-дан бастаңыз, біріншіден, бұл жеке бюджет үшін айтарлықтай байқалмайды және сезілмейді, екіншіден, сіздің өмір салтыңызға әсер ете қоймайды. Жалақыңыздың 30%-ын кейінге қалдыру мүмкіндігі болса, онда құба-құп. Егер ақшаңыз баяу жиналса, оған ренжудің қажеті жоқ.
Мысалы, жалақыңыз 150 мың теңге болса, ай сайын 15 мың теңгеден жинау қажет, үш ай ішінде сізде 45 мың теңге, ал бір жыл ішінде – 180 мың теңге жинақталады. Ақшаңызды матрастың астында емес, депозитке салатыныңызды ескерсек, онда пайыздардың капиталдандыруын қосқанда, сома көбейеді. Айтпақшы, осы шотқа мобильдік қосымшада ат беруге кеңес береміз. Жамандықты тартпау үшін «Қиын-қыстау күнге арналған ақша» деп атаудан аулақ болыңыз, дұрысы «Қаржылық қорғауға арналған ақша» немесе «Маңызды мақсатқа арналған ақша», немесе ең оңайы «Менің қаржылық қауіпсіздік жастығым» десеңіз де болады.
Қазіргі сәтте қаржылық жағдайыңыз қиындау болса, егер Сіз бұл ұстаным Сізге арналмағаны анық деп ойласаңыз, онда Сіз қатты қателесесіз. Кем дегенде 1-2% жинап көріңіз және жарты жыл-бір жылда 10%-ға дейін жеткізіңіз. Күнделікті шығындарда бұл 10%-ды үнемдеудің көптеген жолдары бар, мысалы, ақылға қонымды тұтыну қағидаты, тоңазытқыш әдісі және басқалары.
Бағдардан қалай адаспауға болады?
Сіз болашағыңызды өзіңіз құрасыз. Әуелі өзіңе «төлеп», яғни табысыңыздың 10%-ын жинап, сіз өзіңізге өсіп-өркендеуді қамтамасыз етесіз және ертеңгі күнге деген сеніміңіз болады.
Қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілген адамдарда ақша балансы нөлге тең адамдарға қарағанда қаржыға байланысты күтпеген жағдайлар аз болады. Ақшаның өзі жақсы ынталандырушы екенімен келісерсіз. Әсіресе, бұл сіздің банк шотыңыз айтарлықтай күш жұмсамай, уақыт өте келе өсіп жатқанда көрінеді.
Жалақыдан ақша қалдырып отыруды ұмытпас үшін банк қосымшасында автоматты аударымды теңеуге болады. Егер осы процесті әдетке айналдыратын болсаңыз, «алдымен өзіңе төле» қағидаты өміріңізге берік еніп, әрдайым қалтаңызда ақша болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через