Бүгін Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

Бүгін Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді
фото: manas.news

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим келісімі күшіне енді. Биыл 17 мамырда Сиань қаласында екі ел арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылған. Құжатқа сай екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады. 

Азаматтарда шекара асып, сол елде 30 күннен артық қалуға қажеттілік туындаған жағдайда, тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеуге тиіс. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейді.

Әлібек Раипов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары:

Бизнестің жұмысын жандандыру жұмысы жақсарады және инвестициялық мүмкіндіктер жеңілдейді. Бұл сайып келгенде экономикалық өсу мен өркендеуге ықпал етеді. Визасыз режим туристерді көбірек тартуға мүмкіндік береді.

Дереккөз qazaqstan.tv.