фото: © Photo : Пресс-служба министерства иностранных дел Казахстана
Қазақстан астанасының 25 жылдығына орай және Республика күні қарсаңында Пловдивтің Орталық алаңында елімізге арналған тақырыптық фотокөрменің ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев Астана Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан және толеранттылыққа, бейбітшілік пен интеграцияға шақыру бойынша Дүниежүзілік диалог алаңына айналған басты символдың бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ қазақстандық дипломат еліміздің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін айтып, Қазақстан бүкіл әлемде шынайы қызығушылық тудыратын трансформациялар, инновациялар мен жаһандық бастамалардың орталығы ретінде озық мемлекетті бейнелейтінін жеткізді.
Іс-шара қонақтары Қазақстан Астанасы архитектурасының барлық сұлулығы мен алуан түрлілігін бейнелейтін фотосуреттерді тамашалай алды.
Пловдив – 8 000 жылдық тарихы бар Болгарияның ежелден бүгінгі күнге дейін шежіресі сақталған екінші алып қаласы. Қала Оңтүстік Болгарияның ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы болып есептеледі, оның экономикасы жақсы дамыған көпсалалы өнеркәсіпке, қызмет көрсету саласына, туризмге және ақпараттық технологияларға негізделген.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через