Біз АҚШ нарығына шықтық. Бағлан Олжабаев

Біз АҚШ нарығына шықтық. Бағлан Олжабаев

Биыл ақпан айының  22-23 күндері Алматыда «Жылдың сапалы инновациясы 2022»  халықаралық байқауы өтеді. Бұл елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатыр.

Екі күнге ұласатын шара барысында  «Жылдың сапалы  инновациясы 2022»  халықаралық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Биыл бұл байқауға шетелдік өнертапқыш, ғалымдармен мен қазақстандық өнертапқыш Бағлан Олжабаев қатысып жатыр.  

Қытай, Финляндия, Венгрия, Үндістан, Израиль, Ресей, Швеция секілді дамыған 20-дан астам елдің  ғалымдары қатысып жатқан бәйгеде жерлесіміз жеңіске жете ме?  Күдік те бар, үмітіміз де басым. Сондықтан ортамызда жүрген өнерлі жігітті сіздерге жақынырақ таныстыруды жөн көрдік.