Білім беру мекемелеріне Ashyq арқылы кіру талабы алынып тасталды

Білім беру мекемелеріне Ashyq арқылы кіру талабы алынып тасталды
фото: https://sputnik.kz

Білім беру мекемелеріне Ashyq арқылы кіру талабы алынып тасталды

Сондай-ақ енді әлеуметтік қашықтықты сақтау, дене қызуын өлшеу талаптары  болмайды.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Ashyq жүйесіне қатысты жаңа қаулы қабылдады. Соған сәйкес, мектептер, колледждер мен университет ғимаратына Ashyq-пен кіру талабын алып тастады.

"Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес "жасыл" және "сары" аймақтардағы барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау, күнделікті кіру кезіндегі (байланыссыз термометрия) қойылатын  талаптар  жойылсын", - делінген  қаулыда.

"Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрияны жүргізу білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша  ерікті  түрде  жүзеге  асырылуы  мүмкін.

Сондай-ақ  қаулыда  Ashyq  жүйесі сақталатын объектілер көрсетілген. Олар:

йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-клубтары;

спа-орталықтары;

моншалар, сауналар, бассейндер;

PlayStation клубтарын қоса алғанда компьютерлік клубтар;

боулинг клубтары;

кинотеатрлар;

театрлар мен филармониялар;

стрит-фудтарды қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары;

асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;

облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

бильярд клубтары;

концерт залдары;

караоке;

көрмелер;

океанариум;

марафондар;

көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

әуежайлар;

лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

балалар (жабық) ойын-сауық орталықтары;

цирктер;

отельдер, қонақ үйлер;

халыққа қызмет көрсету орталықтары;

теміржол вокзалдары және автовокзалдар;

(жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;

сауда алаңы 6000 шаршы метрден астам азық-түлік, сауда алаңы 1000 шаршы метрден астам азық түлік сатпайтын сауда желілері;

балаларды сауықтыру ұйымдары (қызметкерлер үшін);

букмекерлік кеңселер;

сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін);

спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);

діни объектілер;

ойын клубтары (казино);

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;

түнгі клубтар;

банктер, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері.

мектеп

ЖОО

Мәтіндегі ақпарат туралы