Батыс елдері неліктен ХХІ ғасыр "құндылықтарын" әртүрлі қабылдайды

Батыс елдері неліктен ХХІ ғасыр "құндылықтарын" әртүрлі қабылдайды

Батыс елдері неліктен ХХІ ғасыр "құндылықтарын" әртүрлі қабылдайды

Батыс елдері "жоққа шығару мәдениеті", "шекті нәсілдік теория", жасөспірімдердің жыныс ауыстыруы және мектеп оқушыларына гомосексуализм жайлы түсіндіру жайлы шын мәнінде не ойлайды.

Ресей президенті Владимир Путин Валдай клубында өткен кездесуде адамзат құндылықтарына мән беріп, Ресей ұстанатын және Батыс насихаттайтын құндылықтардың айырмашылығына тоқталды.

"Қазіргі солқылдақ әлемде моральдік, әдептік және құндылықтар тірегінің маңыздылығы артты. Жалпы құндылық деп әрбір ұлттың мәдени-тарихи дамуының нәтижесін айтамыз және ол ерекше нәтиже. Халықтардың етене байланысуы өре мен танымды өзгертіп, дамуға ықпал етеді. Бірақ құндылықтар арқылы үстемдік жүргізуге талпыну онсыз да күрделі жағдайды шиеленістіріп жібереді және әдетте кері әсер береді", - деді Владимир Путин.

ХХІ ғасырдың жаңа "құндылықтары" адамзат үшін қаншалықты шектеулі екенін және Батыста оны қалай қабылдайтынын анықтау үшін Sputnik 24-26 қараша аралығында Франция, Ұлыбритания, Германия мен АҚШ-та сауалнама жүргізді. Онлайн-анкетаны әр адам өзі толтырды.

Сауалнамаға 18 жастан асқан 4 010 адам қатысты: Францияда – 1 010 , Ұлыбританияда – 996, Германияда – 1 003 және АҚШ-та 1 001 респондент.

Жоққа шығару мәдениеті: әділдік үшін күрес пе?

Бірінші сұрақ "жоққа шығару мәдениетіне" қатысты болды. Бұл – пікірі немесе іс-әрекеті проблемалы немесе тіл тигізеді деп қарастырылуына байланысты адамдарды, топты немесе ұйымдарды жария саладан қудалайтын АҚШ-та пайда болған феномен. Жоққа шығару мәдениетіне қалай қарайсыз? деген сұрақ қойылды.

Зерттеу барлық елде жоққа шығару мәдениетін қолдамайтындар саны басым екенін көрсетті. Бірақ түрлі қоғамдық топтар арасында пікір қайшылығы байқалды. АҚШ (50%), Ұлыбритания (49%) және Германиядағы (59%) респонденттердің шамамен бірдей саны жоққа шығару мәдениетіне теріс көзқараста екені белгілі болды.

 

АҚШ. Сауалнама нәтижесі бойынша АҚШ-та "жоққа шығару мәдениетінің" таралуына қарсы респонденттер саны әлдеқайда көп - 50%, ал қолдайтындар –33%.

Германия. Германияда жоғары білімі бар респонденттер мен толық емес орта білімі бар респонденттердің арасында айтарлықтай айырмашылық байқалады: жалпы орта білімі бар адамдардың тек 37%-і және жоғары білімі бар адамдардың 56%-і бұл феноменге қарсы болды.

Ұлыбритания. Саяси көзқарас тұрғысынан Ұлыбританияның лейбористері мен консерваторлары ең үлкен пікір айырмашылығын көрсетті: консерваторларға (19%) қарағанда лейбористердің басым бөлігі (38%) жоққа шығару мәдениетін қолдайтынын көрсетті.

Франция. Францияда жағдай басқаша – "жоққа шығару мәдениетіне" қарсы шыққандар саны айтарлықтай аз (38%) болғанымен, нақты нұсқаны таңдамағандар саны да жоғары (29%).

Респонденттер шекті нәсілдік теория туралы не дейді

Сонымен қатар респонденттер "шекті нәсілдік теорияға" қатысты сұрақтарға жауап берді. Бірі бұл теория демократияны жақсартуға мүмкіндік береді деп санаса, тағы бірі бұл адамдарға нәсіліне қарай әртүрлі қарауға ықпал ететіндіктен демократия болып саналмайтынын айтты.

Жалпы барлық елде шекті нәсілдік теорияға деген көзқарас өте төмен. Мысалы Францияда 16% болса, Германияда 24%. Сол сияқты АҚШ-та "шекті нәсілдік теорияны" демократиялық әдіс емес деп санайтындар саны екі есе көп – 53%, ал керісінше санайтындар – 27%. 

Респонденттер балалардың жыныс ауыстыру құқығы туралы

2021 жылдың қыркүйегінде Ұлыбританияның апелляциялық соты 16 жасқа дейінгі балалар жыныстық дамуды тежейтін медициналық емдеуге келісім беру құқығына ие болады деген шешім шығарды. Бұл емдеу түрі жыныс өзгерту кезінде қолданылады. 

Британдар мен француздардың жартысынан көбі (52%) сот шешіміне қарсы болса, үштен бірден аз бөлігі қолдады. Сот шешімін қолдайтындар саны АҚШ-та (36%) және Германияда (34%) көп. Ал бұл жаңа шешімге қарсы шыққандар саны екі елде де 48%-ті құрады. Францияда нақты жауап бере алмағандар көрсеткіші жоғары (27%).

 

Оқушыларды гомосексуализм мәселелері бойынша ақпараттандыру туралы

Сонымен қатар респонденттер гомосексуалды жұптар туралы ақпараттың мектеп бағдарламасына енгізілуіне қатысты жауап берді.

Жалпы АҚШ-тан басқа елдің барлығында мұндай контентті мектеп бағдарламасына енгізуді қолдайтындар саны қарсылардан әлдеқайда көп. Қолдаушылар саны Германияда көп – 64% және қарсы болғандар санының ең аз деңгейі (27%) де осы елде тіркелді. Сонымен қатар нақты нұсқаны таңдамағандар саны да неміс елінде өте аз (9%).

Сауалнамаға қатысқан америкалықтардың пікірлері екіге бөлінді: 42%-і мектепте гомосексуалды жұптар туралы айтылуын қолдаса, 43%-і қарсы.

Соңғы сұрақ жыныс ауыстыру туралы ақпарат мектеп бағдарламасына енгізілуіне қатысты болды.

Германияда мұндай ақпаратты мектеп бағдарламасына енгізуді қолдайтындар саны (53%) қолдамайтындар санынан (37%) жоғары. Францияда пікірлер қақ жарылды – 41% және 42%.

Ұлыбритания мен АҚШ-та қарсы болғандар саны басым – Ұлыбританиядағы бұл ойды қолдағандардың 39%-іне қарсы 44%, АҚШ-та 40%-ке қарсы 48%.

Зерттеу авторлары қоғамның солшыл либералды құндылықтарын қабылдау адамдардың жасына, табысына, партиясына, біліміне қарай бөлініп отырғанын  айтты.

Сонымен қатар жастар 35 жастан асқан азаматтарға қарағанда солшыл либералды құндылықтарды әлдеқайда белсенді қабылдайтыны жазылған. Мұндай құндылықтарды қабылдауға білім де әсер етіп отыр. Бірақ ол мемлекетке байланысты түрлі деңгейде тұр.

Мәтіндегі ақпарат туралы