Балабақшалар қазақ тіліне көшіріле ме?

Балабақшалар қазақ тіліне көшіріле ме?

Мемлекеттік балабақшалар түгелдей қазақ тіліне көшіріле ме? Оқу-ағарту министрі біраздан бері ел арасында желдей ескен ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ғани Бейсембаев мұндай жоспардың барын жоққа шығармады. Себебі қазақтілді бөбекжайларға сұраныс жылдан-жылға еселеп артып келе жатыр. 

Бүгінде 11 мыңнан аса балабақша бар. Оның тең жартысы мемлекеттік балабақша. Сондықтан жалпы ашылатын орынды, қажеттілікті де көріп отырмыз. Қазақ тіліндегі балабақшаларға қажеттілік те, сұраныс та бар. Жалпы мемлекеттік балабақшаның бәрін мемлекеттік тілде жүргізу мәселесін толық іске асыруға болады деп есептейміз. Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі. 

«Қазір бұл бастамамен мектепке дейінгі білім беру департаменті айналысып жатыр» - дейді министр. Балабақшаларды таза мемлекеттік тілге көшіру еш қиындық тудырмайтынына сенімді. Қосымша маман дайындықтан өткізу, оқыту туралы айтуға әзір ерте. Себебі осы бастамамен қазір тек талдау жұмысы жүргізіліп жатқан көрінеді.

Осылайша, алдағы уақытта балабақшалар ашылған сайын, оның қазақ тілінде болуы қамтамасыз етіледі, - деп түйіндеді Ғани Бейсембаев.

Ал осыған дейінгі жұмыс істеп келе жатқан аралас балабақшалар жабылмайды, әрі қарай бүлдіршіндерді қабылдай береді.

Дереккөз ktk.kz. Фото  bangkokbook.ru.