фото: Egemen Qazaqstan
Былтыр басталған геосаяси жағдайға байланысты тауар жеткізу жолдары бұзылды. Бұрын қант Ресей арқылы келетін болса, қазір Грузиядан келеді. Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков осылай деп мәлімдеді.
Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін қандай бақылау шараларын жүргізуде, қандай жұмыстар атқарылуда? Бағаның тұрақтылығына не көп әсер етеді? - деп сұрақ қойылды спикерге.
Әбілдабеков былтыр қаңтардан бастап Сауда комитеті құрылғанын, Комитет жұмысы бағаға мониторинг жүргізіп, басқа да құзырлы оргнадардың жұмыстарын үлестірумен айналысатынын айтады.
Біріншіден, тиісті сауда дүкендерін шағым бойынша арнайы тексеру жүргізіп, шара қолданып айыппұл салу жұмыстарын жүргіземіз. Комитет электронды шот фактураны талдап, тізбектерді қарап тиімсіз делдалдарды анықтайды. Біз әлеуметтік маңызы азық-түлік тауарларын тежеу үшін жол картасы бекітілген болатын. Оның ішінде 17 іс-шара бар. Сондай-ақ бұл мәселені шешу үшін Ауыл шарушылығы министрілігімен бірлесе жұмыс істеудеміз. Бағаның тұрақты болу үшін өнімді толықтай өзіміз өндіруіміз керек. Сонда баға тұрақты болар еді. Алайда, кейбір тауарлар бойынша көрші елдерге тәуелдіміз, - деді Айдар Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через