Автокөліктің қарапайым болғаны жақсы

Автокөліктің қарапайым болғаны жақсы

Ұлыбританияда 2000 көлік жүргізуші арасында сауалнама жүргізілді. Оларға «өз автомобиліңіздің салонында орналастырылған техникалық тетіктердің бәрін пайдаланасыз ба? деген сауал қойылған. 

Бар шаруа көліктің технологиясы мен оның функциясына тірелгенде азаматтардың 53 пайызы панельдегі тетіктер қандай мақсатта қолданылатынын білмейтінін мойындаған. Жауап бергендердің 45% түрлі кнопканы кездейсоқ басып қалғандарын, соның салдарынан мысалы, ұзақ қашықтыққа арналған жарықты қосып жібергендерін  айтқан. Ал 25 пайызы қалың тұманға қарсы қолданылатын тетікті, тағы осыншама азамат капотты ашуға арналған тұтқаны таппай қалатындарын мойындаған.

  Көлік жүргізушілердің 24% панельдегі сағатты дұрыстай алмайтынын,  22 проценті көрсеткішті басамыз деп, әйнек тазалағышты қосып алатындарын мәлімдеген. Респонденттердің 21 пайызы круиз-бақылауды, ал 20 проценті кейде көлік жарығын қосуды ұмытып кете беретіндерін жасырмаған. 

Сауалнамаға қатысқандардың 19 бөлігі телефонды автомобильге қосатын кезде қиналған. Ал 16 проценті жолаушыны түсіру үшін есікті дер кезінде аша алмай әбігерленген.  Британдықтардың 4/1  жоғары технологиялы көлікке алғаш отырып, сондағы қолжетімді фунцияларды көргенде жағаларын ұстапты. Олардың 70 пайызына жаңа көлікті қалай басқару керек екенін анықтап-білу үшін біршама уақыт кетіпті. Тағы 10 пайызы әлі күні бүгінге дейін толық түсінбеген.
Фото: yaplakal.com