Атырауда параға торт алған полицейлер жұмыстан қуылды

Атырауда параға торт алған полицейлер жұмыстан қуылды
фото: https://sputnik.kz

Атырауда жүргізушіден тортты заңсыз алған полицейлерге шара қолданылды.

Оқиға жаңа жыл қарсаңында болған. Көлігінің сақтандыру құжаты болмай, полицияға ұсталған атыраулық жүргізуші айыппұлдың орнына торт берген. Жол сақшысы тәтті парадан бас тартпаған. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

"Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлайды: оқиға 2022 жылдың 30 желтоқсаны күні болған. Аталған фактіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының 2 қызметкері жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазақпарат