фото: https://sputnik.kz
Астана қаласының прокуратурасы елорданың білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізіп, бірнеше мұғалім жалған дипломды пайдаланғанын анықтады.
"Атап айтқанда, жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған дипломды ұсынып, балаларды оқыту құқығына ие болған", - деп хабарлады прокуратура.
Тексеріс барысында Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған тұлғалардың педагогикалық қызметі тоқтатылды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через