Астанада Ауғанстаннан тауар өндірушілерінің көрмесі өтіп жатыр

Астанада Ауғанстаннан тауар өндірушілерінің көрмесі өтіп жатыр
фото: inform.kz

     Бұл ел әлемдік нарықта шафран шайымен белгілі.

     Оның бір келісінің құны 5 мың АҚШ долларына дейін барады. Ауғанстан фермерлері жылына 4 тонна шай жинайды. Ол негізінен Герат провинциясында өсіріледі. Сондай-ақ көрмеде дәстүрлі шығыс тауарлары – кептірілген жемістер, парсы кілемдері, зергерлік бұйымдар, құрылыс, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, азық-түлік өнімдері жұрт назарына ұсынылды. Бүгінгі шарада ірілі-ұсақты 70-ке жуық компания тауарларын таныстырды. Айта кетейік, көрме ертең түсте жабылады.

     Жамал Насыр, Ауғанстан кәсіпкері:

     - Біздің кілемдер қойдың, қозының жүнінен тоқылады. Барлық шаруа қолмен жасалады. Бір кілемді тоқуға 3 айдан астам уақыт қажет. Мәселен, көлемі 2 де 3 метр кілемді 3 адам 7-8 ай тоқиды. Сәйкесінше бағасы да қымбаттау болады. 2 мың долларға дейін бағаланады.

     Құлшан Жора, қала тұрғыны:

     - Шафран шай алдым, ауған шай. Денсаулыққа өте пайдалы. Үнемі мен үйде қолданамын. Жүрек, қан қысымы – бәріне өте пайдалы. Өте жақсы шай, бағасы да өте күшті екен.

     Ақпарат дереккөзі:  www.24.kz