Gosagro.kz жүйесінде арзандатылған отынды бөлу функционалы пайда болды. Ол Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің (СБМАЖ) басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен интеграциялануының арқасында жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні пилоттық режимде Қостанай және Жамбыл облыстарының фермерлері ЖЖМ-ге өтінімдер беріп жатыр. Қызметті одан әрі пайдалану кезінде қателіктерді болдырмау үшін режим әзірше сынақтан өткізіліп жатыр.
СБМАЖ-дағы автоматтандырылған процесс «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ деректері негізінде алқаптар картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер арқылы автоматты түрде белгіленеді және фермер үшін agropak.kz порталында көрсетіледі. Мемлекеттік субсидиялау жүйесімен интеграция, сондай-ақ қарсы міндеттемелерді енгізу үшін де жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін алқаптардың картасын цифрландыру бойынша талаптар жойылды. Осы уақытқа дейін фермерлер осы егістіктерді құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес міндетті түрде түзетуі керек.
Сондай-ақ, Gosagro.kz жүйесінде субсидияларға берілген электрондық шот-фактураларды «бұғаттау» функционалы іске қосылды. Бұрын жеке жүйеде мұндай механизм болмаған, бұл ЭШФ-ны қайтарып алуға және әртүрлі манипуляцияларға мүмкіндік туғызды.
Фото pikabu.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через