Арнайы бортпен Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды

Арнайы бортпен Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды

Арнайы бортпен Түркиядан елімізге 64 адам жеткізілді, деп хабарлайды Standard.kz  «ҚазАқпарат» ХАА сілтеме жасап, 

«Газиантеп қаласынан арнайы бортпен Қазақстанның – 42, Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды», - деп мәлім етті оқиға орнынан ақпарат таратып жатқан агенттік тілшісі Ақжігіт Шүкібай.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

Осы уақытта арнайы борт Астана халықаралық әуежайына қонды. Эвакуацияланған адамдар паспорттық бақылаудан өтіп жатыр.

Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке қонған.  Мамандарымыздың екінші тобы Газиантепке кешке кешке жетті. Қазақстан ұшағымен алғашында 16 адамэвакуацияланған. 

Қазір Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтар іздестіріліп жатыр. Олардың бірі – Сабина Мамадьярова 8 ақпан күні кешке аман-есен табылды. 

Түркия басшысы Режеп Тайи Ердоған 10 провинцияда 3 айға төтенше жағдай режимін енгізді. 

Соңғы мәліметке сәйкес, Кахраманмараштағы зілзала салдарынан 12 391 адам көз жұмды, 62 914 адам жарақат алды. 

Ал Сирия денсаулық министрлігінің соңғы ақпаратына сүйенсек, елде кем кедегенде 2,5 мың адам көз жұмды, 4,6 мың адам жарақат алды.

Фото ҚазАқпарат. kazlenta.kz