Алматының 82 тұрғынына 87 мың теңге айыппұл салынды
Қызыл мәртебесі бар Алматының 82 тұрғынына өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 87 мың теңгеге айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жариялады.
COVID-19-ға оң ПТР-тесті бар алматылықтар қоғамдық орындарға барып, Ashyq бойынша жұмыс істейтін объектілердегі қызметтерді пайдаланған.
"Аталған" қызыл " мәртебесі бар тұрғындар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеген. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын тұрғындар банктер, университеттер, сауда, мейрамханалар, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да нысандардың қызметкерлері болып табылады екен.
Ведомство амбулаторлық емделуде жүрген азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауы тиіс екенін еске салады. Жұқтырғандармен қатынаста болған адамдар, сондай-ақ өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через