Алматыдағы лай көшкіні: Бір ер адамның денесі табылды

Алматыдағы лай көшкіні: Бір ер адамның денесі табылды
фото: Tengrinews.kz / Святослав Антонов

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 10:36-дағы ақпарат бойынша, лай көшкіні жүрген жерде жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетілді.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапты»,- деп хабарлады департаменттен.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.