Автобекет орналасқан жер бірнеше жыл бұрын жеке компанияның меншігіне өткен.
Алматыда бұрын "Саяхат" автовокзалы орналасқан аумақта тұрғын үй кешені салынуы мүмкін.
Қазіргі уақытта бұл аумақ мемлекет меншігіне тиесілі емес, жерді бірнеше жыл бұрын Sayahat Realty ЖШС компаниясы сатып алған.
"Жер учаскесінің иесі 2018 жылғы 1 қазандағы сатып алу-сату шарты негізінде Sayahat Realty ЖШС саналады. Жер телімінің нысаналы мақсаты – коммерциялық үй-жайлары мен жерасты автотұрағы бар көп функционалды тұрғын үй кешені. Қазіргі уақытта алаң қоршалған, құрылыс-мо–нтаж жұмыстары жүргізілмейді. Жоба алдындағы құжаттаманың толық пакеті жоқ", – делінген қала құрылысын бақылау басқармасының хабарламасында.
Еске салайық, Алматы тұрғындары бұған дейін "Саяхат" автовокзалы ауданындағы шектеулерге шағымданған болатын. Олардың айтуынша, қаланың қақ ортасында бес гектар аумақ темір қоршаумен қоршалған және автотұраққа рұқсат жоқ.
Informburo
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через