Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
фото: pixabay.com

Биыл Қазақстан Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын атап өтеді. Маңызды күнді мерекелеу қарсаңында Алматыда бірқатар мәдени, ресми, спорттық іс-шаралар өтеді.

Сондай-ақ түрлі фотокөрмелер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

- 15 желтоқсан күні сағат 11:00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады, дәл осы уақытта Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында "Тәуелсіздік – ел мерейі" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

  • Сағат 15:00-де Қонаев мұражайында "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді. Көрмеге мұражай мұрағатынан Алматы қаласының ғимараттары мен мәдени ошақтарының фотосуреттері қойылады.
  • Сағат 15:00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында "Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
  • Сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

- 16-18 желтоқсан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін К.Әзірбаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектепте барлық санаттар арасында классикалық пауэрлифтинг және классикалық стендтік пресс бойынша Алматы қаласының ашық чемпионаты өтеді.

- 18 желтоқсан күні сағат 12:00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.