Алматыда Almaty PASS бірыңғай билеті мен туристің паспорты іске қосылады

Алматыда Almaty PASS бірыңғай билеті мен туристің паспорты іске қосылады
фото: Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Recommended by Visit Almaty өңірлік стандартын енгізу жоспарлануда. Бұл туралы қаланың туристік тартымдылығын арттыруға арналған баспасөз мәслихатында Almaty Tourism Bureau басшысы Камила Лұқпанова айтты.

Спикердің сөзінше, бағдарлама көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және туристер ағымын арттыру үшін сала субъектілерін біріктіруге бағытталған. Сондай-ақ туристердің Алматыда уақытты жайлы өткізуіне кепілдік беруге және қаланың қолжетімді туристік инфрақұрылымы туралы хабардарлықты арттыруға ықпал етеді.

«Сонымен қатар Алматыда туристің Almaty PASS бірыңғай билеті іске қосылады. Ол бағдарламаға енгізілген көрікті жерлер мен экскурсияларға еркін баруға және қаланың мәдени және ойын-сауық нысандарына барған кезде уақыт пен қаражатты 50% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді», – дейді ол.

Бағдарламаның тағы бір өнімі – туристің төлқұжаты. Оны Visit Almaty ақпараттық орталықтарынан алуға болады.

«Паспорттың көмегімен туристер Алматыда оңай жүріп-тұра алады (қайда, нені көруге болады), қаланың негізгі көрікті жерлеріне барып, онда болғаны туралы белгі қойып отыра алады. Сондай-ақ Алматыда мейрамханалар, кафелер, кофеханалар анықтамалығының баспа нұсқасын құру жоспарланып отыр», - деп атап өтті Камила Лұқпанова.

ҚазАқпарат