фото: inforesist.org
News & World Report әлем елдері әскерінің әлеуетіне зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Қазақстан 87 елдің ішінде 19-қатарға, Өзбекстан (18-ші орын) мен БАӘ (20-шы орын) ортасына орналасты. Kazinform бұл туралы Ranking басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әскер күшінің рейтингі — елдің қуатын анықтайтын негізгі алты көрсеткіштің бірі.
Әскері ең күшті ел Ресей болып қала бермек, одан кейін орында АҚШ болса, үздік үштікті Қытай түйіндеді. Израиль 4-ші, Украина 6-шы қатарда тұрғанын да айта кеткен жөн.
Олардан бөлек әскері мықты 10 елдің қатарына Оңтүстік Корея, Иран, Ұлыбритания, Германия мен Түркия енген.
Рейтингте Беларусь елі 12-орында, Әзербайжан 24-ші орында екенін айта кетейік.
Ең әлсіз әскер Люксембург, Сингапур мен Эстонияда болып шықты.
Рейтинг әлемнің 36 мемлекетіндегі 17,2 мың адамнан сауалнама алу арқылы жасалды.
Елдер 73 түрлі критерий арқылы бағаланды.
Өзбекстан әскер күші бойынша Қазақстаннан 0,2 ұпайға алда, яғни 16 және 15,8 ұпай.
Дегенмен бұған дейін Қазақстан екі жыл қатарынан көршісінен басым болған: 2021 жылы — 25,6 және 21,5 болса, 2022 жылы — 12,6 және 10,8 ұпай.
Стокгольм әлем мәселелерін зерттеу халықаралық институтының (SIPRI) дерегінше, ақпарат ұсынған ОА елдерінің ішінде Қазақстанның әскери бюджеті ең жоғары екен.
Мәселен, 2022 жылы ол 1,1 млрд АҚШ долларына жетсе, Қырғызстан мен Тәжікстанда бұл көрсеткіш 149,8 млн және 103,5 млн АҚШ доллары болды.
Оған қоса Қазақстан әскери қажеттілік шығынын 1,2 трлн теңгеге (қазіргі курс бойынша 2,4 млрд АҚШ доллары) дейін арттыруды көздеп отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через