Әлемде Германияда техника мен электроника көрмесі өтіп жатыр

Әлемде Германияда техника мен электроника көрмесі өтіп жатыр

       Германия астанасындағы көрмеде тұрмыстық техника мен электроника саласының ең соңғы жетістіктері ұсынылды. 1924 жылдан бері Берлинде өткізілетін көрмеде әлемнің үздік өндірушілері қайта бас қосты.

       Заманауи құрылғылар бүгінде адамның күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, уақытын ғана үнемдеп қоймайды. Қазіргі технология заманында виртуалды шынайылық көзілдірігі арқылы, үйде отырып-ақ алыс елдерді аралап, Париждегі сән байқауындағы жаңалықтарды білуге болады. Тіпті әлемдегі ең үздік университеттердегі атақты профессорлардың дәрісіне де қатыса аласыз. Берлинде коронавирус кесірінен екі жылға тоқтап қалған техника мен электроника көрмесі қайта ашылды. Камералы пештер, ультра жұқа теледидарлар мен көмекші роботтар. Өндірушілер биыл ақылды үй тұжырымдамасына басымдық беріп отыр. Ең басты ұстаным – қуат үнемдеу.

        Биылғы көрмеге әлемнің 1100 компаниясы қатысып отыр. Алпауыт компаниялардан бөлек, стартаптар да тұрмысты жеңілдететін құрылғыларын әкелген. Мысалы француз фирмасы ас бөлмеде көкөніс өсіруді ұсынып отыр. Ал мына израильдік шағын электромобиль кептелісте тұрмайды, көлік тұрағында да аз орын алады. Бұдан бөлек, үй жануарларының орнын баса алатын қытайлық роботтар бар.

        Көрмеге 160 мыңнан астам адам келген. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір аз. Десе де екі жыл амалсыз үзіліс жасаған ұйымдастырушылар биыл іс-шара өткізуге мүмкіндік болғанына дән риза.

        Ақпарат дереккөзі