фото: vozrast-online.ru
Жаңа донанемаб препараты зертханалық сынақтан сәтті өтті. Ол адамның когнитивті қызметінің төмендеуін шамамен үштен бірге баяулата алатынын, яғни деменцияның кең тараған түрі – Альцгеймер дертімен күреса алатынын дәлелдеді, деп хабарлайды ВВС.
JAMA басылымында жарияланған зерттеу нәтижесі 18 ай ішінде әлем бойынша жүргізілген сынаққа негізделді.
Волонтерлер қатарында 80 жастағы британ азаматы Майк Колли де болды.
Ай сайын Лондон клиникасында оған жаңа препаратты егеді және Майктың сөзінше, ол қазір «сіз кездестірген ең бақытты адам».
Сонымен қатар ол ВВС-ге берген сұхбатында күннен күнге өзіне деген сенімі артып жатқанын айтты.
Британияның дәрілік заттардың айналымын қадағалайтын мекемесі препаратты Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде (NHS) пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Қаңтарда америкалық дәрі нарығын реттеуші (FDA) донанемабты жедел тіркеу туралы өтінішті қауіпсіздігіне күмәнданып мақұлдамады.
Дегенмен енді зерттеу жүргізгенін ескере отырып, өндіруші жыл соңына дейін FDA мақұлдайды деп үміттеніп отыр.
Дәрі аурудың алғашқы кезеңінде және тек Альцгеймер дертіне қарсы көмектесетінін есте сақтаған абзал.
Деменцияның басқа түрлерін емдемейді.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото vozrast-online.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через