9 мамырда әскери шеру өткізілмейді

9 мамырда әскери шеру өткізілмейді

Жеңіс күнінде әскери шеру болмайды. Салтанатты шара біздің елде осымен төртінші жыл қатарынан өткізілмейін деп отыр.

Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу үшін осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламада министрліктің өзге де қордаланған мәселелерді шешуге ден қойып отырғаны, сондай-ақ Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігіне көңіл бөлетінін айтқан.  

Дегенмен бұл Жеңіс күні мүлдем елеусіз қалады деген сөз емес. Әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіліп, ерекше қасиетімен көзге түскен әскери қызметкерлер марапатталады.  Мемлекет басшысының да алдағы мереке күндеріндегі жұмыс кестесі тығыз.

Президент 5 мамырда бүкіл армия кеңесін өткізсе, 9 мамырда Астанада Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға тағзым етеді.

Фото azh.kz.