29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
фото: ашық көздерден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Президент қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс  болып, бірнеше адам қаза тапты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша,  метан жарылғанын мәлімдеді.