2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына бес спорт түрі қосылды

2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына бес спорт түрі қосылды
фото: sportishka.com

       Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Атқарушы кеңесі Лос-Анджелес-2028 бағдарламасы бойынша ұйымдастыру комитеті ұсынған қосымша бес спорт түрін мақұлдады. 

       Сквош, лакросс, бейсбол және софтбол Америка Құрама Штаттарында танымал болғандықтан бағдарламаға қайтарылды. Сонымен бірге олар Оңтүстік жарты шарда танымал крикет пен экзотикалық жалаулы футболды (америкалық футболдың нұсқаларының бірі) қосты. Заманауи бессайыс кедергілерден өту және ауыр атлетика да бағдарламаға қайта оралды.

       Бірақ бокстың мәртебесі әлі белгісіз. Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Олимпиадалық қозғалыстан шығарылды және бәсекелес ұйым болып табылатын Дүниежүзілік бокс әзірге күткен қолдауды ала алмады.

       Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннелл, бес жаңа спорт түрін қосу және заманауи бессайыс пен ауыр атлетиканы қалпына келтіру Ойындардың 10 500 спортшы шегінен асуын талап ететінін мойындады.

Бах бұл бағдарлама 1996 жылы Атлантадан бері алғаш рет Америка Құрама Штаттарына жазғы Олимпиада ойындарын қайтаруға өте қолайлы болатынын айтты.

"Осы бес жаңа спорт түрі америкалық спорт мәдениетіне сәйкес келеді және әлемге әйгілі америкалық спорт түрлерін көрсетеді. Сонымен бірге халықаралық спорт түрлерін Америка Құрама Штаттарына әкеледі", - деді ол.

Stan.kz