Мемқызметке қатысты жаңа Заң күшіне енді

Мемқызметке қатысты жаңа Заң күшіне енді

фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы 19 мамырда қол қойған «Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң бүгіннен  бастап қолданысқа енді. Бұл турталы "Сапалы Қазақстан" порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.  

Заңдағы негізгі жаңашылдықтардың бірі — ең алдымен, ол кәсіби, ашық әрі азаматтардың мүддесіне бағдарланған мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған. Заңда ашықтық қағидатына ерекше назар аударылған. Мемлекеттік қызметшілер өз құзыреті шегінде азаматтар мен ұйымдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. 

Құжат аясында алғаш рет «мемлекеттік қызметшінің мінсіз беделі» ұғымы енгізілді. Ол қызметшінің кәсіби, адамгершілік және жеке қасиеттерінің жиынтығын қамтып, мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқаруға қойылатын талаптарды нақтылайды.

 Еңбек жағдайларына қатысты да бірқатар өзгерістер бар.

 Мемлекеттік қызметшілерге толық емес жұмыс уақыты режимін қолдану мүмкіндігі беріліп, икемді жұмыс кестесін енгізуге құқықтық негіз жасалды. Әлеуметтік кепілдіктер де айтарлықтай кеңейтілді. Бұрынғы 30 күнтізбелік күндік жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша, мемлекеттік қызмет өтілі 10 жылдан асқан қызметшілерге еңбек өтіліне қарай 3-тен 10 күнге дейін қосымша демалыс беріледі.

 Сонымен қатар неке қию, бала туу, бала асырап алу, жақын туыстарының қайтыс болуы сияқты жағдайларда 10 күнге дейін қысқа мерзімді ақылы демалыс қарастырылған.

Ақпарат ҚазАқпарат агенттігінен алынды. 

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз